Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылар рейтингіне енді

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылар рейтингіне енді
Велоспорт

Әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Pound-for-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде әлемнің ең мықты боксшыларының қатарына енді, деп хабарлайды Bassport.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.

Тізімді құрастырған танымал америкалық журналист Стивен Эдвардс қазақстандық былғары қолғап шеберін 20-орынға орналастырған. Жәнібектің кәсіби мансабындағы статистикасы — 17 жекпе-жек, 17 жеңіс (оның 12-сі нокаутпен), жеңіліс жоқ.

Рейтингтің көшін жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) бастап тұр. Эдвардс оны қазіргі кезеңдегі ең үздік боксшы деп атады.

Ал үздік бестікке украиналық Александр Усик (23-0, 14 KO), жапондық Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) және Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) енді.

Жақында екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағын қайта иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес рейтингте сегізінші орыннан көрінді.