Жалғас Жұмағұлов чемпиондыққа және UFC-ге оралуға жақын

Жалғас Жұмағұлов чемпиондыққа және UFC-ге оралуға жақын
Бокс
Жекпе-жек

Sports.ru

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Жалғас Жұмағұлов 28 маусым күні Гамбургте еуропалық Oktagon лигасының қазіргі чемпионы Бено Адамимен титулды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Sportnews.kz порталымен жекпе-жекке дайындығы жайлы пікірімен бөлісті.

— Сіз алдағы титулды жекпе-жек үшін қайда дайындалып жатырсыз?

— Алғашқы жаттығу жұмысын мен Ақтөбеде өткіздім. Негізінен Бағдат Жұбанышқа көмектестім — мен оған сәуір айының соңына дейін бірге қаламыз деп уәде бердім. Америкаға ертерек кеткім келген, бірақ, Бағдатты қолдау үшін Қазақстанда қалдым. Жігіттермен бірге жұмыс жасап, өзім де қалпыма келе бастадым. Қазір Штатта, American Top Team залында жаттығу жасап жүрмін. Осында соңына дейін дайындалып, осы жақтан жекпе-жекке кетемін.

— Қарсыласыңыз жайлы не білесіз?

— Қасырласым біздің бірнеше жауынгерлерімізбен төбелескенін білемін. Қателеспесем Бекзатпен жекпе-жегі болды, Морозовпен ол төбелескеніне сенімдімін. Жаман емес, жас жігіт, әрбір шайқас сайын өсуде. Барынша барлық бес раундқа дайындалып жатырмын. Қалай болатынын уақыт көрсетеді.

Oktagon чемпионы атансаңыз, UFC оралуды көздеп отырсыз ба?

— Әрине, чемпион атанғым келеді — бұл біздің еліміз бен халқымыз үшін тарихи жайт болмақ. Бұл промоушенде чемпиондық белбеу үшін таласатын тұңғыш қазақ, тұңғыш азиатпын. Егер титулды ұтып жатсам — UFС-ге оралғым келеді. Бірақ, әзірге менің мақсатым - тек қана Octagon. Қарсыластарымның артынан сөйлегім келмейді. Егер Oktagon турниріне дейін, жекпе-жек ұсынса - Алла қаласа шығамын.

Естеріңізге сала кетсек, бұл жекпе-жек қазақстандық үшін еуропа лигасындағы екінші жекпе-жек. Бұл промоушендегі алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізіп, Уэльстің намысын қорғайтын Аарон Эбиді төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.