Қазақстан Өзбекстанды басып озып, бокстан Азия чемпионатын жеңіп алды

ҚБФ
Иордания астанасы Амманда 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл – World Boxing ұйымы аясында өткен алғашқы құрлықтық турнир, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы топ жарды. Жас қазақстандық былғары қолғап шеберлері 44 медаль жеңіп алды: 16 алтын, 15 күміс және 13 қола. Екінші орынды 42 жүлдемен Өзбекстан иеленді (15 алтын, 15 күміс, 12 қола), ал үздік үштікті 43 медаль еншілеген Үндістан түйіндеді (15 алтын, 6 күміс, 22 қола).
Төртінші және бесінші орындарға Украина (5-7-24) мен Иран (1-5-5) құрамалары жайғасты. Азия чемпионатына барлығы 18 елдің спортшылары қатысты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының мүшесі Досжан Жұмахан 2025 жылғы Азия чемпионатының ең үздік боксшысы атанды.