Қазақстан таеквондошылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде бес медаль жеңіп алды

Автоспорт
Басқа
ҰОК
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы ашық Азия чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетіп, бір алтын, бір күміс және үш қола медальға ие болды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мария Севостьянова барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Ал 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Бейбарыс Қаблан күміс медаль еншіледі.
Қола жүлдені үш қазақстандық спортшы жеңіп алды: Альтаир Өмірбеков (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (49 келіге дейін).
Айта кетейік, клубтар арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 219 спортшы қатысуда.