Қазақстандық ARTLine командасы Lamborghini Super Trofeo халықаралық жарысында жеңіске жетті

Қазақстандық ARTLine командасы Lamborghini Super Trofeo халықаралық жарысында жеңіске жетті
Автоспорт

ArtLine Kazakhstan

2024 жылғы 17 қарашада Испанияда өткен Lamborghini Super Trofeo әлемдік финалында қазақстандық ARTLine жарыс командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Lamborghini Super Trofeo әлемдік финалы – бұл Солтүстік Америка, Еуропа және Азия серияларының шешуші кезеңі. Биылғы финалға Lamborghini Huracan көліктерінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген 67 қатысушы жиналды.

2024 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының туы бес рет жеңіс тұғырына көтерілді. Осылайша, ARTLine әлемнің үздік жарыс командаларының қатарында болып, көшбасшы орындарға ие болды.

Биыл ARTLine командасының жас шабандозы Егор Оруджев әлем чемпионы атанды. Бұл жетістік команда үшін табысты маусымның және көпжылдық еңбектің жалғасы болды. Бұған дейін, 2015, 2019 және 2023 жылдары ARTLine-ның негізін қалаушы және Lamborghini Cup санатында өнер көрсеткен Шота Абхазава әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

ARTLine құрамында ерекше шабандоз – толықтай қолмен басқарылатын көлікті жүргізетін Найджел Бейли және биылғы әлем чемпионы Егор Оруджев өнер көрсетеді.