Қайрат «Астананы» ірі есеппен жеңіп, турнир кестесінде көш бастады
Футбол
FC “Kairat”
Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турындағы орталық матчта алматылық Қайрат өз алаңында Астана командасын қабылдады.
Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, ойынды Орал қаласынан келген төреші Денис Тевяшов бастаған қазылар алқасы жүргізді. Матчтың алғашқы бөлігінде алаң иелері толық басымдық танытты. Жоржиньо дубль авторы атанса, Дастан Сатпаев пен Александр Мартынович бір-бір голдан соқты. Нәтижесінде бірінші тайм 4:0 есебімен аяқталды.
Екінші таймда Астана ойын тізгінін теңестіруге тырысқанымен, есеп өзгеріссіз қалды. Қорытындысында Қайрат 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін алматылық клуб 10 ұпаймен турнир кестесінің бірінші орнына көтерілді. Ал Астана 7 ұпаймен үздік үштіктен шығып қалды.