“Реал Мадрид” Альваро Арбелоа бойынша Ла Лига аутсайдерінен жеңілгеннен кейін шешім қабылдады
Футбол
Чемпионат
Реал Мадрид клубының бас бапкері Альваро Арбелоа маусым аяқталғаннан кейін қызметінен кетуі мүмкін.
Испания чемпионатының 30-турында Мальорка командасынан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін мадридтік клуб Барселонадан жеті ұпайға қалып отыр. AS басылымының мәліметінше, Арбелоаның қызметін сақтап қалуы УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы нәтижелерге тікелей байланысты.
Еске салсақ, турнирдің ширек финалында Реал Мадрид германиялық Бавариямен кездеседі. Алғашқы матч 7 сәуірден 8 сәуірге қараған түні Мадридте өтсе, қарымта ойын 15 сәуірден 16 сәуірге қараған түні Мюнхенде ұйымдастырылады.
Бұған дейін мадридтік ұжым плей-офф кезеңінде Бенфика мен Манчестер Сити командаларын жарыс жолынан шығарған еді.