Льюис Хэмилтон енді «Ферраридің» атынан өнер көрсетеді

Льюис Хэмилтон енді «Ферраридің» атынан өнер көрсетеді
Автоспорт

Спорт-Экспресс

Формула-1-дің жеті дүркін жеңімпазы британиялық Льюис Хэмилтон «Мерседес» сапынан кетіп, 2025 жылдан бастап «Ферраридің» атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Sky Sports мәліметінше, «Мерседестің» жалпы командалық жиналысында пилоттың келесі айдан бастап италиялық команда сапына қосылатыны айтылды.

Британиялықтың «Мерседеспен» қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін есептелген.

39 жастағы Хэмилтон Формула-1-де 2007 жылдан бері өнер көрсетеді.

Былтырғы маусымда ол 234 ұпаймен пилоттар арасында үшінші орын алған.