Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті
Бокс

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесуінде өнер көрсетті.

Жарыс World Boxing ұйымдастыруымен Улан-Батор қаласында өтіп жатыр. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рингке шыққан Надежда Рябец үндістандық екі дүркін Азия чемпионы және 2025 жылғы WB Әлем чемпионатының қола жүлдегері Пуджа Раниға қарсы өнер көрсетті.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен (3:1) Қазақстан боксшысының пайдасына аяқталды. Осы нәтижеге сәйкес, Пуджа жарысты қола медальмен аяқтаса, ал Надежда алтын медаль үшін бақ сынасады.