«Реал» Анчелоттиге клубтан кеткені үшін қанша ақша беретіні белгілі болды

Футбол
«Реал Мадрид» Карло Анчелоттимен жақын арада қоштасуы мүмкін. Бұл туралы Bassport.kz Relevo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпарат көзінің мәліметінше, клуб президенті Флорентино Перес италиялық маманмен әдемі және сыйластықпен қоштасқысы келеді. Осыған байланысты «Реал» Анчелоттиге келесі маусым үшін жалақысын толық көлемде төлемек - бұл 11 миллион еуроны құрайды.
Сонымен қатар, бапкерлік мансабын аяқтағаннан кейін Анчелотти «Реалдың» елшісі болу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, Анчелотти алдағы уақытта Бразилия ұлттық құрамасын басқаруы мүмкін. Ал «Реал» келесі ойынын 4 мамыр күні Ла Лига аясында «Сельтаға» қарсы өткізеді.