Қазақстандықтар Тайаньда қос қола иеленді

Қазақстандықтар Тайаньда қос қола иеленді
Басқа

ҚТФ

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан President’s Cup - Asian Region халықаралық турнирінің алғашқы күні қазақстандықтар үшін сәтті аяқталды.  

Еліміздің спортшылары — Батырхан Төлеуғали мен Азиза Қаражанова жарысты қола медальмен түйіндеп, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлделерді салды.

74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан Төлеуғали турнирге екінші айналымнан қосылып, алғашқы кездесуінде оңтүстіккореялық Ким Чжебомды, ал ширек финалда қытайлық Ван Го Цинді жеңді. Жартылай финалда Пак Чунсанға жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

53 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Азиза Қаражанова да керемет өнер көрсетті. Ол жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, үшінде жеңіске жетті. Әсіресе, алғашқы айналымда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Цин Гоны жарыс жолынан шығарып, ел назарын аудартты. Бұдан кейін тайпейлік По Я Су мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Цзо Цзюйді айқын басымдықпен ұтты. Алайда финалға берілер жолдаманы сарапқа салған жекпе-жекте Олимпиада мен әлем чемпионы ирандық Мобина Нематзадеден жеңіліп қалды.