Махмұд пен Төрехан Сабырхан кәсіби дебютінен қанша табыс тапқаны белгілі болды

Бокс
Қазақстан құрамасының жас боксшылары – ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерінен шамамен 12 миллион теңге тапқан. Бұл жайында Махмұд Сабырхан «Бірінші бол» подкастында мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz.
— Бастапқыда біз әрқайсымызға 30 мың доллардан, яғни 15 миллион теңгеден сұрадық. Бірақ ұйымдастырушылар: «Аздап төмендетсеңдер» деді. Сөйтіп, ортақ келісімге келдік — екеумізге жалпы 12 миллион теңге төленетін болды. Қазірше ақша түспеді, бірақ реквизиттерді жібердік, — деді Махмұд.
Еске салайық, ағайынды Сабырхандар 5 сәуір күні Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде дебют жасады.
Махмұд Сабырхан вьетнамдық Дак Хайнхомды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе,
Төрехан Сабырхан чехиялық Иржи Хаукені үшінші раундта мерзімінен бұрын тоқтатты.