Данияр Елеусінов: «Төрехан ешкімді тыңдамау керек»

Данияр Елеусінов: «Төрехан ешкімді тыңдамау керек»
Бокс

ҚБФ

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жас боксшы Төрехан Сабырханның бокс стилі туралы Bassport.kz тілшісіне пікір білдірді.

5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде Төрехан алғашқы жекпе-жегінде чехиялық Иржи Хауке есімді қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіби мансабын сәтті бастады.

— Төрехан Сабырханның стилі керемет. Өзі дарынды, талантты боксшы. Қарсыласы деңгейі жағынан төмен болды. Өйткені кәсіпқой бокста алғаш рингке шыққанда, бәрі де нық қадаммен бастауға тырысады. Бірден тәжірибелі қарсыласпен жұдырықтасу сирек кездеседі. Жалпы, оның еркіндігі, стилі жақсы. Дегенмен кейбір қателіктері бар, оны бапкерлері айтып жатқан болар. Кейде артық қимылдап, қажетсіз әрекетке барып қалады. Халқымыз мұндай сәттерде мақтаншақ деп сынайды. Бірақ меніңше, ондай сөздерге мән берудің қажеті жоқ. Төрехан ешкімді тыңдамау керек. Өз стилімен жұдырықтасып жүр. Сол жолдан таймауы керек, – деді Елеусінов.