Карло Анчелотти өзіне ұнайтын тактикалық схеманы атады

Футбол
Reuters
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти өз мансабындағы ең сүйікті тактикалық жүйесін атады, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Менің сүйікті схемам — 4-4-2. Бұл жүйеге ерекше ықыласым бар, өйткені ол қорғаныстағы ең жақсы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, — деп келтіреді италиялық маманның сөзін Managing Madrid басылымы.
Айта кетейік, Анчелотти 2021 жылдан бері «Реалдың» тізгінін ұстап отыр. Қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Бұған дейін БАҚ-та бапкердің клубтан кетуі мүмкін екені жөнінде ақпараттар тараған болатын.
Испанияның Ла Лигасындағы қазіргі жағдайға келсек, турнир кестесінде «Барселона» 73 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында 69 ұпаймен «Реал Мадрид», ал үздік үштікті «Атлетико» (63 ұпай) түйіндеп тұр.