Қазақстан ат спортынан халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінді
kazequestrian.
Ат спортынан ұлттық құрамасының спортшысы Олег Соколенко Польшада өткен «CSI2 Biskupiec 2026» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, үздіктердің қатарынан көрінді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Конкур бойынша Medium Tour (130 см) бағытына 57 спорттық жұп қатысты. Олег Соколенко SHENANIGAN атымен жарыс жолын айып ұпайларынсыз аяқтап, 31,52 секунд нәтижесімен 4-орынға ие болды. Бұл – 2026 жылғы XX Азия ойындарына дайындық аясында қазақстандық ат спорты шеберлерінің FEI халықаралық турнирлеріндегі қатарынан екінші жоғары нәтижесі.
Бұған дейін Нидерландыда табысты өнер көрсеткен Олег Соколенко халықаралық деңгейде өзінің жоғары дайындығы мен тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сондай-ақ аталған халықаралық турнирде Қазақстан намысын Раиса Соколенко CHEVALIER атымен қорғады.