Қазіргі бессайыстан Қазақстан құрамасы U17 әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
ҰОК
Каунас қаласында (Литва) қазіргі бессайыстан 17 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Тамирлан Төлегенов және Берік Хамза ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде және жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп ақтық сынға шықты. Нәтижесінде Тамирлан 23-орын, Берік 25-орынға тұрақтады. Сонымен қатар Берік Хамза және Тамирлан Төлегенов командалық эстафетада үздік ондыққа еніп, 6-орыннан көрінді. Ал Яна Беспалова және Сабина Ахмединадан құралған әйелдер командасы 12-орында жарысты аяқтады.
Сондай-ақ отандастарымыз аралас командалық эстафетада 13-орынға табан тіреді. Құрама сапында Яна Беспалова және Тамирлан Төлегенов өнер көрсетті.
Одан бөлек, ерлер командасы (Берік Хамза, Тамирлан Төлегенов, Нұрғали Өмірсерік) командалық бәсекеде 8-орыннан көрінсе, әйелдер командасы (Яна Беспалова, Сабина Ахмедина, Диана Гренц) 14-орынға ие болды.