U17 әлем чемпионаты: Екі қазақстандық балуан қолаға таласады
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Інжу Баққожа (46 келіге дейін) мен Аружан Бақытнұр (61 келіге дейін) қола медаль үшін күреседі.
Екі балуан да жартылай финалға дейін жеткенімен, қарсыластарына есе жіберді. Енді олардың қола жүлде үшін өтетін белдесулердегі қарсыластары жұбаныш кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған болатын.