Қазақстандық балуан еркін күрестен U17 әлем біріншілігінің финалына шықты

Қазақстандық балуан еркін күрестен U17 әлем біріншілігінің финалына шықты
Жекпе-жек

ҰОК

Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

48 келіге дейінгі салмақта еркін күрес шебері Бақдәулет Ағабек жартылай финалда өзбекстандық Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық балуан финалға жолдама алып, шешуші белдесуде үндістандық Аарьянмен күш сынасады.

Айта кетейік, бүгін, 31 шілдеде, 110 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындық Темірғали де финалға шығу үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Омаров болмақ.