Вальдано «Арсеналға» қарсы болуы мүмкін камбэк жайлы: «Реал» «Бернабеудың» сиқырына үміт артуы керек»

Футбол
Мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Хорхе Вальдано команда «Арсеналға» қарсы қалай жеңісті жұлып алуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Bassport.kz сайты Cadena Ser сайтына сілтеме жасай отырып.
Карло Анчелоттидің шәкірттері Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы матчында 0:3 есебімен жеңілді. Жауапты кездесу 16 сәуірде Мадридте өтеді.
– Ремонтанада (камбэкте) әрдайым тек жақсы футболдық сапа жеткілікті бола бермейді. Кейде ойын стилі аздық етеді. Алаңда толқу мен хаос сезімі болуы керек – әсіресе алғашқы гол соғылғанда.
«Реалдың» басты мақсаты – бірінші голды соғу. Үшінші голды салуға тырыспас бұрын, алдымен алғашқы голды соғу керек.
«Реал» «Бернабеудың» магиясына үміт артуы тиіс, – деді Вальдано.