Англия Сатпаевтың жарқын ойынына назар аударды

Футбол
Әлеуметтік желі
Chelsea Loan Army X-аккаунты Қазақстан Премьер-лигасында «Атырауға» қарсы өткен ойында Дастан Сатпаевтың жарқыраған ойынын назардан тыс қалдырмады. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Алматылық «Қайраттың» және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы сырт алаңдағы матчта (4:1) дубль жасап, бір нәтижелі пас берді. 16 жастағы футболшы ел чемпионатындағы небәрі екінші ойынында осындай әсерлі статистика көрсетті.
— Дастан Сатпаевтың Қазақстан чемпионатындағы екінші стартында екі гол және бір ассист, — деп жазды ағылшындық ресурс.
Жас ойыншының бұл ойыны Еуропада да қызығушылық тудырып, болашағынан зор үміт күттіретін футболшы ретінде бағалануда.