Қазақстан құрамасы Бразилияда өткен бокстан Әлем кубогында қанша медаль жеңіп алды

Бокс
ҚБФ
Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) өткен бокстан World Boxing ұйымының Әлем кубогында Қазақстан құрамасы өнер көрсетті. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандықтар жалпы есебінде алты медаль жеңіп алды — үш алтын, үш қола.
Ерлер арасында Нұрсұлтан Алтынбек 55 келі салмақта, Даулет Төлемісов 85 келіде чемпион атанды. Әйелдер арасынан Жазира Орақбаева 51 келі салмақта алтын медаль иеленді.
Қола жүлде иегерлері қатарында ерлерден Диас Молжігітов (80 келі) пен Даниял Сапарбай (90+ келі), ал әйелдерден Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) бар.
Бастапқыда жарысқа Қазақстан құрамасынан 11 боксшы қатысқан болатын: сегіз ер және үш әйел спортшы.