Auyl Sport жеңімпаздары Гимназиаданың ашылуында Қазақстанның көк туын алып шықты

Басқа
2025 жылдың 4-14 сәуірі аралығында Сербияның Златибор аймағында өтіп жатқан ISF U15 халықаралық спорт фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстанның көк туын Auyl Sport жобасының екі жеңімпазы – Жамбыл облысы, Құлан ауылынан Орынтайқызы Айя және Ақмола облысы, Талапкер ауылынан Садық Айбек алып шықты.
Бұл оқиға – ауыл спортын дамытуға арналған Auyl Sport жобасының табысты нәтижесінің айқын дәлелі. Ел туын халықаралық аренаның төрінде желбіреткен ауыл балалары Қазақстанның атынан сынға түсетін 22 жас спортшының арасынан таңдалып алынды.
Қазақстан құрамасы биылғы Гимназиадаға 22 спортшымен қатысуда. Олар бокс, еркін күрес, дзюдо және шахмат спорт түрлерінен сынға түседі. Оның ішінде 12 спортшы – Auyl Sport жобасының жеңімпаздары.