Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.
Сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.