Грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында Әлинұр Төлеуғали қолаға қол жеткізді

Грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында Әлинұр Төлеуғали қолаға қол жеткізді
Жекпе-жек

olympic.kz

Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Әлинұр Төлеуғали 71 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті. Шешуші кездесуде отандасымыз Эсмаил Захердоустты (Иран) жеңді. Нәтижесінде қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Қазақстан грек-рим күресінен әлем чемпионатын бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) алтын алса, Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс медальға ие болған еді.