Қазақстандық теннисші сенсациядан кейін әлемдік рейтингте көтерілді

ҰОК
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жаңартылған тізім бойынша әлемдік рейтингтің көшбасында италиялық Янник Синнер тұр. Екінші орында — германиялық Александр Зверев, ал үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас түйіндейді.
Қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік нәтиже Александр Бубликке тиесілі – ол үш сатыға көтеріліп, 77-орынға жайғасты. Ал Александр Шевченко жеті позицияға төмендеп, ТОП-100-ден шығып қалды (105-орын). Михаил Кукушкин 160-орында қалды. Тимофей Скатов бір орын алға жылжып, 174-сатыға көтерілді.
Сенсациялық жеңіске қол жеткізіп, Мексикадағы турнирдің финалында топ жарған Дмитрий Попко бірден 70 орынға көтеріліп, 175-орынға шықты. Ал Бейбіт Жукаев 23 сатыға ілгерілеп, 192-орынға тұрақтады.
Жұптық сында Сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павич көш бастап тұр. Үшінші орынға финн теннисшісі Харри Хелиёваара көтерілді.
Қазақстандық Александр Недовесов 10 орын төмендеп, 84-сатыға түссе, Бублик бұл санатта да үш орын артқа шегініп, 133-орында тұр.