Бейбіт Жұқаев Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты

Теннис
KTF
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP 215) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда Жұқаев швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (ATP 172) кездесіп, 2 сағат 12 минутқа созылған матчта 6:3, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Бейбіт турнирдің бірінші ракеткасы, австралиялық Джеймс Даквортпен (ATP 95) кездеседі.