Айтмұханның Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуі 59 секундта аяқталды

Айтмұханның Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуі 59 секундта аяқталды
Күрес

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде іріктеу кезеңінде Айтмұхан индонезиялық Мухамад Рудиансиямен кездесіп, небәрі 59 секундта 10:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша, ол келесі кезеңге жолдама алды.

Еске сала кетейік, Ризабек Айтмұхан – 2023 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы (92 кг). Сонымен қатар, ол 23 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі әлем чемпионаттарында алтын медаль иеленіп, екі рет Азия чемпионатының жүлдегері атанған.