Қазақстан еркін күрестен Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Қазақстан еркін күрестен Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Күрес

Спортты дамыту дирекциясы

Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионаты-2025 жарысында еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны Рахат Қалжан қола медаль үшін белдесу өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бәсекеде Қалжан Ирак өкілі Хусейн Альбехадилалборспен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Рахат Қалжан құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегері атанды, ал оның қарсыласы турнирді жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстаннан тағы екі балуан – Начын Куулар (70 кг) мен Даулет Ергеш (79 кг) қола медаль үшін күреседі. Ал 97 келі салмақта әлем чемпионы Ризабек Айтмухан алтын жүлде жолында боз кілемге шығады.