Қырғызтандық балуан Айпери Медет қызы Азия чемпионатында үшінші рет алтын алды

Қырғызтандық балуан Айпери Медет қызы Азия чемпионатында үшінші рет алтын алды
Күрес

Қырғызстандық балуан Айпери Медет қызы Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады BasSport.kz.

76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айпери ширек финалда Қытай спортшысын жеңсе, жартылай финалда КХДР балуанынан басым түсті.

Финалда Медет қызы үндістандық Ритикамен күресті. Ритика 6:2 есебімен алда келе жатқан, алайда соңғы секундтарда қырғыз балуаны екі әдіс жасап, төрт ұпай алып үлгерді. Үндістан құрамасының бапкерлері шешіммен келіспей, бейнеқайталау сұратты. Қайта қарағаннан кейін есеп 7:6 болып, Медет қызының пайдасына шешілді.

25 жастағы Айпери Медет қызы үшін бұл – Азия чемпионатындағы үшінші алтын медаль. Ол бұған дейін 2022 және 2024 жылдары да чемпион атанған.