Максим Самородов Лихтенштейнге қарсы жеңіс туралы пікір білдірді

Максим Самородов Лихтенштейнге қарсы жеңіс туралы пікір білдірді
Футбол

KFF

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші турында Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңгеннен кейін өз ойын айтты.

«Жеңіс, үш ұпай – басты міндет орындалды. Алғашқы 30-35 минутта аздап сенімсіз ойнадық. Қарсыласымыздың өз алаңында қалай ойнайтынын бақыладық. Сол минуттардан кейін бәрі жоспар бойынша жүрді. Өз ойынымызды тауып, нәтижесінде үш ұпайға қол жеткіздік, шүкір», – деп келтіреді Самородовтың сөзін Sportnews.kz.

Еске салайық, бұл ойында Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голдарды Максим Самородов пен Александр Марочкин соқты. Сонымен қатар, Самородов Марочкиннің голына нәтижелі пас беріп, команда жеңісіне үлес қосты.