Аргентина Бразилияны ойсырата жеңіп,Әлем чемпионатына жолдама алды

Футбол
Marcelo Endelli
Аргентина құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 14-турында Бразилияны 4:1 есебімен тас-талқан етті.
Аргентиналықтарға жеңіс сыйлаған голдарды Хулиан Альварес, Энцо Фернандес, Алексис Мак-Аллистер және Джулиано Симеоне соқты. Бразилия сапынан жалғыз голды Матеус Кунья соқты.
Бұл жеңіс Аргентинаға Әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алуға мүмкіндік берді. Аргентиналықтар 14 матчтан кейін 31 ұпай жинап, іріктеу кестесінде көш бастап тұр. Ал Бразилия 21 ұпаймен төртінші орында қалды.