Ла Лиганың ең қымбат ойыншысы анықталды

Прессбол
Transfermarkt.de испандық Ла Лига футболшыларының нарықтық құнын жаңартты.
Тізімнің көшін мадридтік «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор бастап тұр – оның бағасы 200 миллион еуроға жетті. Екінші және үшінші орындарды «Барселонаның» вингері Ламин Ямаль мен «Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем бөлісті – екеуінің де құны 180 миллион еуро.
Сонымен қатар үздік бестікке «Реалдың» тағы екі ойыншысы енді: шабуылшы Килиан Мбаппе (170 миллион еуро) мен жартылай қорғаушы Федерико Вальверде (130 миллион еуро).
Топ-10 қатарына «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Педри (120 миллион еуро), «Реал» шабуылшысы Родриго (100 миллион еуро), «Атлетико» форварды Хулиан Альварес (90 миллион еуро), «Барселонаның» вингері Рафинья (80 миллион еуро) және «Реал» жартылай қорғаушысы Орельен Чуамени (80 миллион еуро) енді.