Әли Әлиев: «16 жасында Хусановты ешкім білмейтін»

Әли Әлиев: «16 жасында Хусановты ешкім білмейтін»
Футбол

Манчестер Сити

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев 16 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев туралы пікір білдіріп, оны «Манчестер Сити» мен Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусановпен салыстырды, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Дастан Сатпаев – нағыз талант. Мен оны жақында Хусановпен салыстырдым. Көпшілік 16 жасында Хусановты әлі білмеген болуы мүмкін. Ал біз бүгінде 16 жасында Дастан Сатпаевты «Челсиге» сатып отырмыз, — деді Әлиев Уэльспен өтетін матч алдындағы баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, «Челси» мен «Қайрат» Дастан Сатпаевтың трансфері бойынша 4,3 миллион еуроға келісімге келген болатын. Футболшы 18 жасқа толғанда ағылшын клубымен келісімшарт жасай алады.