Рауль Аллахвердиев «Гентпен» келісімшартқа қол қоюға жақын

Рауль Аллахвердиев «Гентпен» келісімшартқа қол қоюға жақын
Футбол

ФК “Жеңіс”

18 жастағы қазақстандық шабуылшы Рауль Аллахвердиев бельгиялық «Гент» клубымен келісімшартқа қол қоюға жақын, деп жазады BasSport.kz.

Meta-ratings.kz-тің хабарлауынша, сәуір айының бірінші жартысында Аллахвердиев Бельгияға барып, келісімшартқа қол қояды. Алғашқы кезеңде ол «Генттің» жастар құрамасында (U-21) ойнайды.

Рауль 15 жасында кәсіби футболдағы дебютін елордалық «Жеңіс» сапында жасаған.

2023 жылы Аллахвердиев Transfermarkt нұсқасы бойынша өз жылындағы ең қымбат 50 ойыншының қатарына кіріп, 45-орынды иеленді. Оның нарықтық құны 175 мың еуроға бағаланды — бұл өз жасындағы қазақстандық футболшылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.