“Баварияның” бұрынғы президенті Фриц Шерер өмірден өтті

Футбол
Alexander Hassenstein
86 жасында мюнхендік “Баварияның” бұрынғы президенті Фриц Шерер дүниеден өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Шерердің қайтыс болғаны туралы ақпарат Мюнхеннен жетті. Алайда оқиғаның нақты себебі жарияланған жоқ.
Фриц Шерер “Баварияға” үш онжылдықтан астам уақытын арнады. Ол 1979 жылдан 1985 жылға дейін клубтың қазынашысы қызметін атқарды. Кейін 1985 жылдан 1994 жылға дейін тоғыз жыл бойы “Баварияның” президенті болды. Бұдан кейін де клуб басшылығында қалып, 1994 жылдан 2012 жылға дейін вице-президент қызметін атқарды.