Шымкент әкімі «Ордабасы» туралы маңызды мәлімдеме жасады

Шымкент әкімі «Ордабасы» туралы маңызды мәлімдеме жасады
Футбол

GOV.KZ

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» клубындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, Асхат Тағыбергеннің жалақысы мен Клод Макелеленің бас бапкерлікке тағайындалуы жайлы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Kazfootball.kz сілтеме жасап.

«Футболшылардың орташа жалақысы – 15 миллион теңге. Олардың келісімшарттары екі жылға жасалған және УЕФА-да тіркелген. Егер бұл келісімдерді бұзсақ, толық өтемақы төлеуіміз керек. Асхат Тағыберген қазір ойнай алмайды, бірақ кеткісі де жоқ. Ашық айтамын – оның жалақысы 20 миллион теңге. Бұл жағдайды өзгерте алмаймын», – деді әкім.

Сондай-ақ, Сыздықбеков атақты футболшы Клод Макелеленің «Ордабасы» тізгінін ұстауға дайын болғанын, бірақ соңында бұл шешімнен бас тартқанын мәлімдеді.

«Клод Макелеле “Ордабасының” бас бапкері болғысы келді, бәрі келісілген еді. Бірақ соңында мен қарсы болдым. Маған аты бар, бірақ ісі жоқ адам керек емес», – деп түйіндеді ол.