Жәнібек Әлімханұлы “Канеломен” жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Жәнібек Әлімханұлы “Канеломен” жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді
Бокс

Әлеуметтік желі

Орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO)Сауль “Канело” Альвареспен (62-2-2, 39 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

Британдық Seconds Out порталына берген сұхбатында Әлімханұлы мексикалық жұлдызды еш қиындықсыз жеңетініне сенімді екенін жеткізді.

“Мен 100% дайынмын. Бұл мен үшін оңай болады. Әрине, біз бәріміз кәсіпқоймыз, өзгелерден үйренеміз. Бірақ “Канелода” ешқандай ерекше нәрсе жоқ. Ол бұрынғыдай белсенді емес, әрі кез келген қарсыласқа қарсы шығуға дайын емес. Ол өз орнын біледі”, – деді Жәнібек.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізеді. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгуа (14-0, 9 KO).