Рыбакина мен Путинцева Майами турнирін екінші айналымнан бастайды

KTF
АҚШ-тың Майами қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдің жеребесі тартылды. Қазақстан атынан жарысқа Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Әлемнің сегізінші ракеткасы саналатын Рыбакина турнирдегі жорығын екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы мексикалық Рената Сарасуа (WTA рейтингінде 71-орын) мен америкалық Эшлин Крюгер (40-орын) арасындағы матчтың жеңімпазы болмақ.
24-орында тұрған Юлия Путинцева да екінші айналымнан жарысқа қосылады. Ол алғашқы кездесуін америкалық Энн Ли (61-орын) немесе іріктеу кезеңінен өткен спортшыға қарсы өткізеді.
Турнир 18-30 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры — шамамен 9 миллион доллар.
Өткен жылғы турнирдің жеңімпазы — америкалық Даниэль Коллинз. Ол финалда Рыбакинаны жеңіп, чемпион атанған болатын.