Салах енді көшбасшы емес. «Алтын доптың» жаңа фавориті анықталды

Салах енді көшбасшы емес. «Алтын доптың» жаңа фавориті анықталды
Футбол

Give me sport

Give Me Sport порталы 2025 жылғы «Алтын доп» иегеріне үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах Чемпиондар лигасының 1/8 финалында командасы жарыстан шыққаннан кейін көшбасшылықтан айырылды.

Қазіргі таңда рейтингтің бірінші сатысына Франция құрамасы мен Мадридтік «Реал» клубының форварды Килиан Мбаппе көтерілді. Екінші орында «Барселона» клубының бразилиялық жартылай қорғаушысы Рафинья тұр. Ал Салах қазір үздік үштікті түйіндеп тұр.

Төртінші орынға Бразилия құрамасы мен «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор жайғасса, үздік бестікті «Барселонаның» 17 жастағы вингері Ламин Ямаль қорытындылады.

Айта кетейік, өткен жылы бұл марапатты испаниялық Родри Эрнандес иеленген болатын.