Неймар жарақатына байланысты Бразилия құрамасынан шеттетілді

Неймар жарақатына байланысты Бразилия құрамасынан шеттетілді
Футбол

Reuters

«Сантос» шабуылшысы Неймар алдағы Колумбия және Аргентинаға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына қатыспайды, деп хабарлайды BasSport.kz.

33 жастағы ойыншының сол жақ жамбасынан жарақат анықталды. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, бұл жарақат Неймардың алаңға шығуына мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты Бразилия құрамасының бас бапкері оны ұлттық команда сапынан шеттету туралы шешім қабылдады.