Назым Қызайбай Қазақстан боксы тарихында рекорд орнатты

Бокс
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді.
48 келіге дейінгі салмақтағы финалда Қызайбай ресейлік Юлия Чумгалакованы жеңіп, үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық боксшы болды. Бұған дейін мұндай жетістікке ерлер арасында да ешкім жетпеген.
Назым Қызайбай алғашқы алтын медалін 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында жеңіп алды. Екі жылдан кейін, 2016 жылы, Астанада өткен әлем чемпионатында тағы да топ жарды. Енді 31 жастағы спортшы үшінші рет әлем чемпионы атағын иеленіп, Қазақстан боксының тарихына есімін жазды.