Екі дүркін олимпиада чемпионы Жалолов Әлімханұлымен бірге Battle of the Brave бокс кешінде өнер көрсетеді

Әлеуметтік желі
Екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов (14-0, 14 KOs) 5 сәуір күні Астанада өтетін Battle of the Brave бокс кешіне қатысады.
Ауыр салмақтағы мықты қарсыластармен шаршы алаңға шыққан Жалолов бұл жолы да өз рекордын сақтап қалуға ниетті.
“Барыс Аренада” өтетін кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KOs) өз титулдарын алғаш рет туған жерінде қорғайды. Оның қарсыласы – жеңілмеген француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгуа (14-0, 9 KOs).
“Бұл жекпе-жекті ұзақ күттім және Астанадағы рингке қайта оралуды асыға күтіп жүрмін. Жанкүйерлеріме тамаша шоу сыйлау үшін бар күшімді саламын”, – деді Жәнібек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Battle of the Brave көрермендер үшін нағыз бокс мерекесі болмақ.
“Баходир Жалолов – кештің басты жұлдыздарының бірі. Оның жекпе-жегін жанкүйерлер асыға күтуде”, – деді шара өкілдері.
Top Rank басшылығы да Жалоловтың кеш бағдарламасына қосылуын жоғары бағалап отыр. “Ол – болашақ әлем чемпионы. Бұл жекпе-жек жанкүйерлерге керемет әсер сыйлайтыны сөзсіз”, – деп мәлімдеді промоутерлік компания өкілдері.
Қазақстандық жанкүйерлер әлемдік деңгейдегі бокс кешінің куәсі болмақ. Жалоловтың қарсыласы жақын арада жарияланады.