Қазақ қызы әлем чемпионатында топ жарды

Бокс
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
50 келіге дейінгі салмақтағы финалда Балқыбекова қытайлық Ху Мэйимен кездесіп, сенімді жеңіске жетті – 5:0.
Осылайша, Алуа әлем чемпионы атанды, ал оның қарсыласы күміс жүлдені қанағат тұтты. Бұл – Балқыбекованың әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Ол 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола жүлде иеленген болатын. Сондай-ақ, Алуа – Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022).