Бахтиер Зайнутдинов іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарын өткізуі екіталай

KFF
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарға қатыса алмауы мүмкін, деп жазады BasSport.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, ұлттық құраманың тізіміне енгеніне қарамастан, Зайнутдиновтің алдағы ойындарға қатысу мүмкіндігі өте төмен. «Бешікташ» футболшысы әлі күнге дейін жеке дайындықпен шектеліп, командамен толыққанды жаттығуға қосылған жоқ. Оның құраманың матчтарына дейін бабына келе алмауы команда үшін үлкен шығын болмақ.
Бұған дейін испан басылымдары Зайнутдиновтің ақпан айында Ла-Коруньяда тізе сіңірінің жарақатына байланысты ем қабылдағанын хабарлаған болатын. Ол соңғы рет 26 қаңтарда Түркия чемпионатындағы «Антальяспорға» қарсы ойында алаңға шыққан еді.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасына жарақатына байланысты қорғаушы Алибек Қасым да қосыла алмады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 22 наурызда Уэльспен, ал үш күннен кейін Лихтенштейнмен кездеседі. Екі матч та қонақ алаңында өтеді.