Жәнібек Әлімханұлы үлкен жекпе-жектен қағылды

Жәнібек Әлімханұлы үлкен жекпе-жектен қағылды
Бокс

Әлеуметтік желі

Бокс туралы In The Corner подкастының Х әлеуметтік желісіндегі парақшасы Хамза Шираздың (21-0-1, 17 КО) екінші орта салмаққа ауысуына байланысты пікір білдірді.

Бұл жаңалықты Шираздың промоутері Фрэнк Уоррен The Ring басылымына берген сұхбатында растады. Оның айтуынша, британдық боксшы ұзақ уақыт бойы салмақ қуумен қиындықтарға тап болып жүрген.  

Айта кетейік, 22 ақпанда Эр-Риядта өткен жекпе-жекте Шираз орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) айқасып, тең нәтиже тіркеген болатын. Бұл жекпе-жек алдында британдық боксшы жеңіске жеткен жағдайда Жәнібек Әлімханұлымен чемпиондық жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген еді.

Алайда, оның жоғары дивизионға өтуі бұл жоспарды бұзып отыр.

«Бұл таңғаларлық емес, өйткені оның орта салмаққа қалай сыйып жүргені үлкен сұрақ еді. Бірақ бұл шешім бізді Жәнібек, Юбэнк және Адамеспен реванш сияқты тартымды жекпе-жектерден айырды. Сонымен қатар, ол енді титулды жеңіп алу әлдеқайда қиын болатын салмақ дәрежесіне ауысып отыр», – деп жазды In The Corner.

Бұл өзгеріс Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспарларына әсер етуі мүмкін. Боксшы енді жаңа қарсылас іздеуге мәжбүр.

дереккөз: Sports.kz