Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымындағы ширек финалдағы барлық жұптар белгілі болды

Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымындағы ширек финалдағы барлық жұптар белгілі болды
Футбол

UEFA.com

Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымындағы ширек финалында кімдердің кездесетіні анықталды, деп жазады BasSport.kz.

Кестенің бір жағында лондондық «Арсенал» мен мадридтік «Реал», сондай-ақ француздық «Пари Сен-Жермен» мен ағылшындық «Астон Вилла» өзара мықтыны анықтайды.

Екінші жағында испаниялық «Барселона» дортмундтық «Боруссиямен» және германиялық «Бавария» италиялық «Интермен» кездеседі.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойындар Астана уақытымен 9-10 сәуір күндері түнгі сағат 00:00-де өтеді. Жауапты кездесулер 16-17 сәуірде осы уақытпен өтеді.