Ямаль Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Футбол
Әлеуметтік желі
17 жастағы «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас футболшы атанды, ол турнирде бес нәтижелі пас берген алғашқы ойыншы болды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Бұған дейінгі рекорд 19 жасында Тео Уолкоттқа тиесілі еді.
Ямаль Чемпиондар лигасында 19 матчқа қатысып, үш гол соғып, бес ассист жасады.
Ал биылғы маусымда ол «Барселона» сапында барлық турнирде 37 ойын өткізіп, 12 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.