Азия ойындарының чемпионының анасы ұлының жеңісі туралы «түсінде білді» (ВИДЕО)

Азия ойындарының чемпионының анасы ұлының жеңісі туралы «түсінде білді» (ВИДЕО)
Биатлон

Спортты дамыту дирекциясы

Азия ойындарының жеңімпазы Владислав Киреевтің анасы ұлының жетістігіне орай өткен салтанатты кездесуде ерекше көңіл-күйімен көзге түсті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреевтің «алтыны» оның анасы үшін үлкен тосынсый болды. Азия ойындарының чемпионы және күміс жүлдегері елордаға оралды.

Оны Астанада туған-туыстары мен спорт ұйымдарының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

«Біз тіпті үміттенген де жоқпыз, бірақ білген кезде… Мен тіпті ұйықтап жатқан едім», – деп күлкімен бөлісті Владиславтың анасы.