Қазақстандық биатлоншылар Эстониядағы әлем Кубогы кезеңіне қатысады

Қазақстандық биатлоншылар Эстониядағы әлем Кубогы кезеңіне қатысады
Биатлон

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Биатлоннан Эстонияның Отепя қаласында өтетін әлем Кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарыс 12-15 наурыз аралығында өтеді.

Әлем Кубогы кезеңі аясында ерлер арасындағы бәсекеде Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес және Александр Мухин сынға түседі.

Ал әйелдер арасында Милана Генева, Айша Ракишева, Дарья Климинa және Лаура Киныбаева ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, 12 наурызда ерлер арасында спринт сайысы өтеді. Жарыс Астана уақытымен 19:15-те басталады.