Гвардиола: «Хусановты жылдамдығы үшін сатып алдық, бірақ әлі бейімделу үстінде»

Гвардиола: «Хусановты жылдамдығы үшін сатып алдық, бірақ әлі бейімделу үстінде»
Футбол

ФК “Ман Сити”

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия Премьер-лигасының 25-турында «Ньюкасл Юнайтедке» қарсы өткен ойында (4:0) қорғаушы Абдуқодир Хусановтың ойынына баға берді.

«Хусановтың шабуылға өту кезіндегі жылдамдығы — біз оны дәл осы қасиеті үшін сатып алдық. Ол өте жылдам. Алайда Абдуқодир әлі де болса жекпе-жектерде тым агрессивті ойнайды және кейде жеңіліп қалады. Қазір ол жаңа командаға бейімделу үстінде, бірақ бұл — уақыттың еншісіндегі нәрсе, ол бәрін үйренеді», — деді Гвардиола «Манчестер Ситидің» ресми сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 20 жастағы Хусанов жаңа клубының сапында барлық турнирлерде үш матчқа қатысып үлгерді.